ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚАЛА АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Арал қаласының активімен өткен кездесу барысында жалпыұлттық коалиция өкілдері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі бағыттары туралы кеңінен түсіндірді.Кездесу қатысушыларына жаңа Конституцияның адамға бағдарланған құқықтар тұжырымдамасының маңызы ерекше атап өтілді.
Коалиция өкілдері бүгін қарастырылып отырған жаңа Конституция тек заң мәтініндегі өзгерістер ғана емес, ол біздің күнделікті өмірімізді, қоғамдағы өз орнымызды және болашағымызды айқындайтын нақты қағидалар екені жаңа Конституцияның басты идеясы – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау .
Бұрын кейде заңдар тек билік пен мемлекет мүддесіне бағытталса, енді мемлекет әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғайтын қорғаушы болып табылады - деді.
Коалиция өкілдері атап өткендей, жаңа Конституцияда билік институттарының басты міндеті – азаматтарға қызмет ету, ал азаматтардың құқықтары мен бостандықтары ең басты басымдық болып табылады.
Сонымен қатар, құжат білім, ғылым, мәдениет пен инновацияларға басымдық береді. Мемлекет тек табиғи ресурстарға сүйенбей, азаматтардың интеллектуалды әлеуеті мен шығармашылық қабілетіне инвестиция жасайды.
Коалиция мүшелері Арал қаласының активімен кездесуде бұл реформалардың еліміздің тұрақты дамуына, сенімді және біртұтас Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.












