Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласының қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Білім саласының қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Білім саласының қызметкерлерімен өткен кездесуде жалпыұлттық коалиция өкілдері Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының білім беру саласына қатысты маңызды бағыттарын түсіндірді.

Кездесу барысында мұғалім мамандығының қоғамдағы рөлі мен кәсіби құқығын қорғауға бағытталған жаңашылдықтар ерекше атап өтілді.

Коалиция өкілдері жаңа Конституцияның конституциялық тұрақтылығы мен педагогикалық мамандықты қолдауға арналған тұстарын жеткізді. Бастауыш және орта білім берудің міндеттілігін бекіту және оны мемлекеттік оқу орындарында беру кепілдігі педагогикалық еңбекке тұрақты және ұзақ мерзімді сұраныстың бар екенін білдіреді.

Кездесу соңында коалиция өкілдері жаңа Конституцияның білім беру саласының тұрақты дамуына, педагогикалық мамандықтың әлеуметтік мәртебесін арттыруға және мұғалімдердің құқықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті.

Олар мұғалімдерге Конституциялық реформалардың мәнін түсіндіріп, алдағы референдумда саналы шешім қабылдауға шақырды.

10 наурыз 2026 ж. 155 0