Білім саласы өкілдерімен кездесу өтті
Арал ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясы мүшелерінің білім саласының мамандарымен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – алдағы республикалық референдумның маңызы мен жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру болды.Жиынға аумақтық коалицияның жетекшісі Базарбай Төрахметов, сондай-ақ коалиция мүшелері Талғат Қанатов, Нұрсауле Ембергенова және Жұмабай Мирманов қатысты. Олар білім беру саласының өкілдерімен пікір алмасып, жаңа Конституция жобасында қарастырылған маңызды өзгерістер туралы кеңінен баяндады.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың елдің саяси және әлеуметтік дамуына ықпалы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар білім беру жүйесін дамыту, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау және адам капиталын арттыру бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударылды.
Спикерлердің айтуынша, жаңа Конституция жобасы қоғамның сұранысын ескере отырып әзірленген және ол елдің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат.
Жиын соңында білім саласының мамандары ұсынылған бастамаларға қатысты пікірлерін білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.
#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз









