Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөген ауылының халқымен кездесу өтті

Бөген ауылының халқымен кездесу өтті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының мүшелері Бөген ауылының тұрғындарымен кездесіп, алдағы республикалық референдум аясындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге аумақтық коалицияның жетекшісі Базарбай Төрахметов және коалиция мүшелері Талғат Қанатов, Абай Елешов, Ержан Сабырбай қатысты.
Жиын барысында жаңа Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер кеңінен таныстырылып, оның елдің саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік дамуына ықпалы сөз болды. Коалиция өкілдері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқаруда ашықтықты арттыру және қоғамның шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту мәселелеріне тоқталды.
Спикерлер әрбір азаматтың белсенділігі мен саналы таңдауы ел болашағын айқындайтынын атап өтіп, тұрғындарды алдағы маңызды саяси науқанға жауапкершілікпен қатысуға шақырды.
#АМАНАТ
04 наурыз 2026 ж. 75 0