ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері Базарбай Төрахметов, Талғат Қанатов, Дауренбек Мадинов, Арғынбай Асанбаев, Нұрсауле Ембергенова, Абай Елешов, Берік Сұлтаниязов «Қарашалаң балық» ЖШС мекемесінде балық шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында коалиция өкілдері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесу барысында қатысушыларға Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен маңызы жан-жақты баяндалып, алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екені айтылды.

Коалиция мүшелері Еліміздің келешегі, оның демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнығуы ең алдымен Ата Заңның мазмұны мен сапасына тікелей байланысты.
Сондықтан жаңа Конституция жобасы қоғамда кеңінен талқыланып, әр азаматтың пікірін ескеру арқылы қабылдануы маңызды - деді
Коалиция өкілдері 2026 жылдың 20 қаңтарында Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы өзгерістерге қатысты өз көзқарасын білдіргенін атап өтті. Бұл бастамалар елді жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың жалғасы екені айтылды.











