Қаратерең ауылында жаңа Конституция талқыланды
Қаратерең ауылында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясы тұрғындармен кездесу ұйымдастырды.Кездесуге коалиция жетекшісі Төрахметов Базарбай және мүшелері Қанатов Талғат, Преккев Батырхан, Елешов Абай, Сабырбай Ержан қатысты. Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, саяси тұрақтылығына әсері жан-жақты түсіндірілді.
Коалиция өкілдері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қоғамның шешім қабылдау үдерісіне қатысуы – ел болашағын қалыптастырудағы басты қадам екені айтылды.











