Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарашалаңда жаңа Конституция жобасы талқыланды

Қарашалаңда жаңа Конституция жобасы талқыланды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері одан әрі Қарашалаң елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының мазмұны, негізгі бағыттары және алдағы республикалық референдумның тарихи маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Кездесуде коалиция өкілдері Ата Заңның жаңа редакциясы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Әсіресе, әлеуметтік әділдік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
04 наурыз 2026 ж. 67 0