Райым ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері Райым елді мекенінде тұрғындармен кездесу өткізіп, Ата Заңның жаңа жобасы жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті. Басқосуда құжаттың мазмұны, оның қоғам өміріндегі орны мен алдағы референдумның маңызы жан-жақты түсіндірілді.Коалиция мүшелері өз сөздерінде жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен бірге, елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы мызғымас құндылық ретінде айқындалғаны ерекше айтылды.
#АМАНАТ











