Кәсіпкерлерге жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері “Миллион Плаза” сауда үйінде кәсіпкер қауымымен кездесу өткізді. Жиынға коалиция жетекшісінің орынбасары Талғат Қанатов, коалиция мүшелері Айтуған Сауяев, сондай-ақ “Атамекен” кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Нұрсауле Ембергенова және Берік Сұлтаниязов қатысты.Кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының кәсіпкерлік ортаға қандай мүмкіндіктер беретінін, қоғам дамуына қалай ықпал ететінін түсіндіру болды. Жиында қатысушылар құжаттағы әлеуметтік әділеттілік, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігі, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ашықтығы туралы жан-жақты ақпарат алды.
Коалиция өкілдері жаңа Конституцияның елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын, сонымен бірге экономикалық даму мен әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Кәсіпкерлер үшін бұл – өз бизнестерін дамытуға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыруға қолдау болып табылады.
Кәсіпкерлерге жаңа Конституцияның практикалық мәнін түсініп, оның елдің тұрақты дамуына қосатын үлесін жоғары екені түсіндірілді.
#АМАНАТ












