Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ескіұра елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өтті

Ескіұра елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өтті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері Ескұра елді мекенінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен алдағы республикалық референдумның маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу кезінде сөз алған коалиция мүшелері жаңа редакциядағы Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқаруда ашықтық пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығы өзгермейтін басты құндылықтар ретінде бекітілетіні айтылды.

Ауыл тұрғындары өз ойларын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Көпшілік жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызын түсінетіндерін жеткізіп, референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін айтты.
#АМАНАТ
27 ақпан 2026 ж. 101 0