Теміржолшылар дауыс берді
Еліміздің жарқын болашағы жолында өз дауыстарын беру үшін Сексеуіл локомотив депосының қызметкерлері ұжыммен бірге келіп, республикалық референдумға белсенді түрде қатысты.Теміржолшылар ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетіп, мұндай маңызды саяси науқанда әр азаматтың дауысы елдің ертеңіне әсер ететінін жеткізді. Сондықтан теміржол саласының мамандары да қоғамдық маңызы зор бұл науқанында азаматтық белсенділік танытты.
Жалпы, Арал ауданында референдум күні тұрғындардың қатысу белсенділігі жоғары. Аудан халқы елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын бұл күнге жауапкершілікпен қарап, дауыс беруге белсенді қатысуда.










