ҚЫЗ КӨКТЕМ, КЕЛШІ БЕРІ…
Қыз көктем, қымсынбашы, келші бері,Сен бе едің далам жіпсіп тершіп еді.
Өзіңмен бір келіпті-ау құстар ән сап,
Әлемнің еркін өскен елшілері.
Қыз көктем, келші бері, қымсынбашы,
Өзіңсің жүректегі жыр тұнбасы.
Бар әлем сен деп сайрап жатқан жоқ па,
Сенбесең мына өмірден тың тыңдашы.
Қыз көктем, келші бері, жақындашы,
Тұрғандай бір өзіңде ақыл басы.
Өлеңмен өрнектейін өң бойыңды,
Бүгінде жыр-думан ғой ақын қасы.
Қыз көктем, келді-ау күннің арайында,
Қуанып келбетіне қараймын да.
Қауышып қыз көктеммен той тойлайық,
Жасалған дархан дала – сарайында.
Жұмабай ЖАҚЫП
Фото: ernur.kz










