Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨКТЕМ АРУЫ

КӨКТЕМ АРУЫ

8 наурыз–Халықаралық әйелдер күні өз деңгейінде аталып өтті. Аруларымыз бен аналарымызға, әжелеріміз бен қыздарымызға қуаныш сыйлаған күн мектеп оқушыларының да көңілдеріне шаттық ұялатты.
Мереке қарсаңында Зейнолла Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде қала мектептері оқушыларының арасында «Перизат – көктем аруы» атты қыздар байқауы өтті.
Байқау барысында қатысушылардың өнері мен қабілеті, білімі мен сұлулығы сынға түсіп, бір-бірінен оза шауып тұрды. Төрт айналымнан тұрған жарыста жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Шырқата салған әні мен әсем биі арқылы сахнаны шырайландырып жіберген арулардың қиялы да, ұшқырлығы да көрермендерді еріксіз сүйсінтті.
Жеті өнерпаз қатысқан байқаудың қорытындысы бойынша №83 мектептің оқушысы Балнұр Әлиева І орын иеленсе, бас жүлдені жеңіп алған №13 мектептің оқушысы Ақбота Амангелдиева «Көктем аруы» атанды.
Өзге де қатысушыларға жүлделер үлестірілді.

Оңталап ЖОЛДАСОВ.
11 наурыз 2019 ж. 2 255 0