Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Көшпенділердің" авторы кім? – Еліміздің ең сұлу екі аруы жауап бере алмады

"Көшпенділердің" авторы кім? – Еліміздің ең сұлу екі аруы жауап бере алмады

"Қазақстан аруы – 2018" және "Қазақ аруы – 2018" титулдарын жеңіп алып "Еліміздің ең сұлу аруы" атағын ресми түрде иеленген атыраулық Әлфия Ерсайын мен ақтаулық Нәбира Рақымжан Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында әрбір қазақ білуі тиіс сұрақтарға жауап бере алмады, деп хабарлайды Today.kz
Әлфия мен Нәбираға жүргізуші "Қан мен тер" романының авторы кім? "Көшпенділер" трилогиясының авторы кім? "Ақбілек" романының авторы кім? Абайдың анасы мен әжесінің аттары кім? Шоқан Уәлихановтың шын есімі кім?" деген сұрақтар қойды. Осының ішінен Абайдың анасы мен әжесінің аттарын ғана атай алған қыздар басқа сұрақтардың жауаптарын білмейтін болып шықты. 
Бағдарлама барысында "Қазақстан аруы – 2018" Әлфия Ерсайын өзінің кітап оқитынын, соңғы оқыған кітабы Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" кітабы екенін айтты. 
Естеріңізге салайық, "Қазақстан аруы – 2018" Әлфия Ерсайын үш миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болып, Қазақстанды "Әлем аруы – 2018" байқауында қорғауға құқық алған болатын. Ал "Қазақ аруы – 2018" Нәбира Рақымжан қазақ тілін, қазақ халқының тарихы мен әдебиетін, ұлттық салт-дәстүрлерді білу талап етілетін арулар байқауынан үздік шыққан еді. 
08 сәуір 2018 ж. 2 055 0