Әріптестер әзіл әлемінде
Өлеңге ғашықтардың жырға жаны,
Айдар болды әрқашан тыңдағаны.
Қызылжарда кіндігін кескен ұлдың,
Барлығы ақын болмай кім болады?
Өн бойынан он өнер артылмаған,
Куә болып келеді халқың да оған.
Аралдың толқынындай көрінеді,
Бұйра шашы бастағы толқындаған.
Ер керегін өмірден ұнаса алар,
Айдар да қай іске де тұра шабар.
Қара костюм журналист қылады оны,
Ақ костюмы асаба қыла салар.
Мақаласын қашанда ел "ем" дейді,
Оқысаң ақыл-ойың тереңдейді.
Елдегі жаңалықтан тыс қалмайды,
Өлең десе ерекше елеңдейді.
Айтатын әр сөзінен жыр құралған,
Абайдай болуды, Абай, қылдың арман.
Әкімнен әкім туар, тек сен ғана,
Журналистен журналист тудыра алған.
Семейде өмірге Абай ақын келген,
Абай Елеш әскерде хатын терген.
Құнанбай мен Жайшылық ұлдары үшін,
Облысқа Абай деп атын берген.
"Толқын" газетінің Бас маманы Асылхан САНАҚҰЛОВҚА:
Домалауда тек өрге тасы бүгін.
Санақұлов Асылхан санап жүрер,
Кірісі мен шығысын басылымның.
Бәрін сезіп тұрсың ғой өзің біліп,
Бар ұжымның тұрады көзінде үміт.
"Айлық қашан болады" деп сұрайды,
Жігіттен киіп алған көзілдірік.
Сері Асылхан қашанда тапсын бәйге,
Спорттан да хабардар, бақ шыңдайды.
Қажет болса отырып көлігіне,
Такси бола салуды жатсынбайды.
"Толқын" газетінің тілшісі Назерке БАҚЫРАНҒА:

Тілшілікті жанына жақын алды,
Басылымның бетінде аты қалды.
Бүгінде танымайтын аралдық жоқ,
"Толқындағы" Назерке Бақыранды.
Бақытын сынау үшін әр істе анық,
Youtube-тан канал ашты, қалыспадық.
"Әңгіме емізеді бұзау" деген,
Сөзді жоққа шығарды табыс тауып.
Кәсіпкерде бос болар бар ма сағат,
Кеше түскен табысты таңда санап,
Күнделікті отырар WhatsApp-ында,
Жаңа піскен бәлішті жарнамалап.
Онталап ЖОЛДАСОВ












