Партиялық жоба аясында азаматтардың өтініштері қаралды
Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының Қызылорда облысындағы өкілі Балдырған Мәмен тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.Қабылдау барысында азаматтар негізінен несиелік міндеттемелер, қаржылық қиындықтар және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Атап айтқанда, қала тұрғыны бірнеше несиеге байланысты төлем қабілетінің төмендегенін айтып, қарыздарын қайта құрылымдауға көмек сұрады. Банк алдындағы берешегін өтеу мерзімін ұзарту және айыппұл санкцияларын азайту мәселесін көтерді.
Сонымен қатар, тағы бір өтініш иесі материалдық жағдайының қиындауына байланысты несиелік жүктемесін жеңілдетуге жәрдем сұраса, басқа өтініш иелері де қарыздарын өтеу бойынша нақты шешу жолдарын қарастыруды өтінді.
Қабылдау қорытындысы бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, несиелерді қайта құрылымдау, мерзімін шегеру және пайыздық жүктемені азайту бағытында тиісті ұсыныстар берілді. Кейбір азаматтардың өтініштері бойынша қаржы ұйымдарына ресми хаттар жолданып, мәселелерді оңтайлы шешу жолдары қарастырылатын болды.
Жауапты тұлға барлық көтерілген мәселелер жеке бақылуына алынатынын және әрбір өтініш бойынша тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетінін атап өтті.










