Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келген Қуанар Дайрабайұлы Әбекеновті әріптестері зейнет жасына толуына байланысты құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

Жиынға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев төрағалық етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында табанды еңбек еткен Қуанар Дайрабайұлының еңбек жолына қысқаша тоқталып, барша әріптестері, аудан әкімдігі атынан алғыс білдірді.

Қуанар Дайрабайұлы еңбек жолын «Приарал» совхозында құрылыс шеберінен бастап, әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеген. Бұдан бөлек аудандық құрылыс бөлімінде инспектор, бас маман, 2022-2024 жылдары аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 2024 жылдан осы кезге дейін аудандық құрылыс бөлімінде сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы осы саладағы еңбегі ескеріліп, еңбек демалысына шыққан Қуанар Дайрабайұлына ауданның ең жоғарғы наградасы Арал ауданының құрмет грамотасын табыстап, иығына шапан жапты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

31 наурыз 2026 ж. 135 0