Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметті зейнет демалысына шықты

Құрметті зейнет демалысына шықты

Бүгін аудандық ауылшарушылығы бөлімінің басшысы Нұрғалиев Сәбитжан Меңдібайұлын әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Сәбитжан Меңдібайұлы еңбек жолын 1982 жылы "Приарал" совхозында асылдандыру зоотехнигі ретінде бастаған. 2002 жылдан бастап Арал аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сәбитжан Меңдібайұлын адам өмірінің айтулы белесі 63 жас мерейтойымен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуі мен ауылшаруашылығы саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, иығына шапан жапты. Одан соң Арал ауданының Құрмет грамотасымен марапаттап, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Бисеновтің құттықтауын табыстады.
Өз кезегінде Әділхан Төлегенұлы аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.
"Толқын" ақпарат
31 наурыз 2021 ж. 530 0