Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен жоспарға сай аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдағы адалдық пен ашықтықты нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде бағаланады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек заң талаптарын орындаумен шектелмей, әрқайсысымыздың азаматтық жауапкершілігімізді, кәсіби адалдығымызды талап етеді.
Жиында алдымен Арал ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы М.Марат Арал ауданының қоғамдық даму бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы хабарлама жасады. Мұнан соң Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы бөлім басшысы Т.Әлжанов баяндады.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы баяндамашылардың аталған мәселе төңірегінде атқарған жұмыстарына қанығып, кейбір кемшіліктер бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.
Сонымен бірге қызмет барысында заңсыздықтарға жол бермей, мемлекеттік сатып алу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге байланысты бірқатар тапсырмалар беріп, мерзімінде орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі











