СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жиынға комиссия мүшелері, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары, құқық қорғау, мемлекеттік орган басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында 4 мәселе қаралды.
Алдымен «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы аясында аудан көлемінде атқарылған шаралар туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Махмут хабарлама жасады.
Одан соң «Трансперенси Интернешнл Казахстан» халықаралық ұйымымен жасалған әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы Арал ауданаралық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Лаура Жанысқызының баяндамасы тыңдалды.
Аудан әкімінің аппарат басшысы Бохаев Нұрмұхамед «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияда берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» баяндады.
Жиында талқыланған мәселелер жөнінде комиссия мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Баяндамашылардан соң аудан әкімі күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша жұмыс барысында кемшілік жіберген тиісті бөлім басшыларына ескерту жасап, заң талаптарын қатаң сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету барысында жұмыс сапасына бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында тиімді профилактикалық шаралар қабылдау, электронды қызметтерді алу үлесін арттыру жөнінде тапсырмалар берді.
Жиын құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысымен жалғасты.

Аудан басшысы күн тәртібіне қойылып, кеңінен талқыланған мәселелерге қатысты алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу жөнінде тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі