Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-КИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-КИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.    Мәжіліске комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты
    Комиссия отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.       
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қызмет алушыға көрсету кезінде заң талаптарының сақталуы бойынша қабылданған шаралар туралы аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Еркін Назаров баяндама жасады.
    Одан кейін 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен Жіңішкеқұм ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға байланысты атқарылған шаралар туралы Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі Мұхансерік Әлішев хабарлады.
    Жиын барысында қозғалған мәселелер жөнінде комиссия мүшелері ұсыныс-пікірлерін білдірді.
    Аудан басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне бей-жай қарауға жол берілмеуі қажет екендігіне айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға немқұрайлылық танытпау қажет екендігіне тоқталып, жауапты мамандарға бірқатар міндеттермен тапсырмалар жүктеді.
09 тамыз 2019 ж. 962 0