Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде аудан бойынша білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар барысы талқыланды.

Комиссия отырысына төрағалық еткен аудан әкімі С. Сермағамбетов алдымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті.
Мәжілісте қозғалған тақырыпқа сәйкес Арал ауданы бойынша бөлімінің басшысы С. Жанназарова баяндама жасады.
Комиссия отырысының қорытындысымен жауапты бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне аудандағы барлық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, жолын кесу және алдын алу бағытында семинар-кеңес өткізу, мерзімді баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың негізгі атқаратын жұмысы мен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін кеңінен түсіндіре отырып, мақалалар жариялау, мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге қолданыстағы заңнамалардың талаптарын түсіндіру, мүлтіксіз орындауға бағытталған құқықтық оқытулар өткізуді ұйымдастыру жүктелді.
"Толқын" ақпарат
30 наурыз 2023 ж. 263 0