Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде комиссия отырысы өтті

Оған аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев төрағалық етіп, күн тәртібіндегі мәселе ретінде Сексеуіл және Жақсықылыш кенті әкімдері аппараттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған шаралары қаралды.
Көтерілген мәселеге сәйкес Сексеуіл кентінің әкімі С.Төрешов және Жақсықылыш кентінің әкімі П.Берсүгіров хабарлама жасады. Кент әкімдері 9 айдың қорытындысы бойынша жергілікті әкімдік тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндады.
Аудан әкімі халықтың талап-тілегін тыңдау және арыз-шағымдармен жұмыс істеу барысында жол берілген кемшіліктерге тоқталып, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін анықтау мақсатында ауданда жүргізілген әлеуметтік сауалнама бойынша аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы М. Марат хабарлама жасады.

Сауалнама қорытындысымен танысқан аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы кенттердегі көрсеткіштердің көңіл көншітпейтінін жеткізді.
Жиын қорытындысында аудан басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар міндеттер жүктеп, тапсырмалардың орындалуын үйлестіру мен бақылауды аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысына тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі