Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті

Кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына аудан әкімі Серік Сермағамбетов төрағалық етті.
Жиынға комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы бөлім басшысы Бауыржан Махатов хабарлама жасады.
Хабарламашылардан соң сөз алған аудан әкімі қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық мәселесі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екендігін тілге тиек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін кеселдің жолын кесу баршаға ортақ міндет екендігін айтты.
Комиссия отырысының қорытындысымен жауапты бөлімдер мен қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне бірнеше тапсырмалар жүктеді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы түрлі шаралар ұйымдастыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді үйлестіріп, бекітілген жауапты тұлғалардың жұмыстарын бақылауға алуды, бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты, тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

13 желтоқсан 2023 ж. 329 0