Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан азаматтары мамырда қанша күн демалады?

Қазақстан азаматтары мамырда қанша күн демалады?

2026 жылы мамырда Қазақстанда мерекелерге орай демалыс күндері көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан азаматтары мамырда қанша күн демалады?
Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты:

бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 14 демалыс күні және 17 жұмыс күні болады;
алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.
Биыл мамырда Қазақстанда қандай мерекелер тойланады?
Мамырда бірден бірнеше мемлекеттік мереке атап өтіледі:

1 мамыр (жұма) - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр (бейсенбі) - Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр (сенбі) - Жеңіс күні.
Сонымен қатар, 2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға (сәрсенбі) сәйкес келеді. Десе де нақты күндері өзгеруі мүмкін.

Фото: depositphotos.com
07 сәуір 2026 ж. 58 0