Мемлекеттік орган басшыларының назарына әдістемелік нұсқама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары бекітілген. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 250) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Әзірлік паспорты – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат.
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардан және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерден Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға осы "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – Тізбе);
2) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
3) осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалғанын растайтын құжаттар тізбесі;
4) Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын бірінші санаттағы сараптама ұйымының станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ ұйымның алдағы күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге дайындығы туралы қорытындысы;
5) Электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтудің оң нәтижесі болып табылады.
Білімін біліктілік тексеруден өтуі қажет басшы лауазымға тағайындалғаннан кейін бір айдан кешіктірілмей немесе техникалық басшы бекіткен үлгілік немесе жеке даярлау бағдарламасында көрсетілген мерзім өткенге дейін лауазымға тағайындалған немесе ауысқан кезде басшыны лауазымға тағайындау туралы қолданыстағы бұйрықты қоса беру қажет.
Бұл ретте, егер даярлаудың үлгілік немесе жеке бағдарламасындағы мерзім бір айдан асса, онда техникалық басшы бекіткен мерзім де қоса берілуі қажет.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды Портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін Қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
«Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ










