Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бір млн теңге": Елордалық арулар қалың малға қанша ақша сұрайтындарын айтты

"Бір млн теңге": Елордалық арулар қалың малға қанша ақша сұрайтындарын айтты

Елордалық бойжеткендер өзге өңірлермен салыстырғанда қалың малға көп ақша сұрайтын болып шықты. Арулардың сөзінше, қазіргі бағамен қалың малға 1 млн теңге талап ету қалыпты жағдай екен. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды. 
KAZ.NUR.KZ тілшісінің блиц-сауалнамасына қатысқан жас қыздардың дені қалың малға кем дегенде 1 млн теңге көлеміндегі қаражат сұрау қажеттігін алға тартты.
"Қазіргі бағамен салыстырғанда қымбат емес деп ойлаймын. Осыдан бес жыл бұрын туған әпкем ұзатылғанда, 600 мың теңге көлеміндегі қалың мал сұраған едік. Қазір қанша жылдан кейін бұл баға өсті деп ойлаймын. Жоқ дегенде 1 млн теңге болуы керек. Бірақ, әрине ол жағын біз шешпейміз, бірақ ата-анамыз осы тілегімімізді ескереді деген ойдамын", - дейді астаналық арулардың бірі.
Сол сияқты сұраққа жауап берген кейбір арулар қалың малға жылқы малын алсақ деген ойын жеткізді.
Қалың малды оңтүстікте көп алады. Бізде әлі күнге дейін қалың малға аты айтып тұрғандай, жылқы беретіндер бар. Үлкен жылқының бағасы кем дегенде жарты миллион теңге тұрады. Одан артық сұрау ұят сияқты", - дейді елордалық студент қыздар.
Ал Нұр-Сұлтандағы кей бойжеткендер бұл дәстүрге аса мән бермейтінін алға тартты.
"Ескінің дәстүрі", "Біз емес, бәрін ата-аналар, екі жақ өздері шешеді", "Соншалықты маңызды дүние емес, тек жастар бақытты болса болды" деп жауап берді олар.
https://kaz.nur.​​​
10 мамыр 2019 ж. 1 064 0