Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін қазіргі қоғамның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Елімізде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және осы бағыттағы саясатты іске асыруға бағытталған жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Дегенмен, қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды және осы бағытта білім беруді одан әрі үздіксіз жетілдіріп отыруды қажет етеді. Бұл тұрғыда заңнаманың нормаларын түсіндіру және зерделеу іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Осы орайда, Арал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп отырады. Мәдениет саласы бойынша мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша құқықтық оқытулар, семинар сабақтары ұйымдастырылып өткізілуде. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде мақалалар жарияланып тұрады.
Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары үшін арнайы жәшік орнатылған, сондай-ақ «Сенім» телефоны бар. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «Е-Өтініш» веб порталы арқылы электрондық түрде қабылданып, тиісті заң талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде қаралады. Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу — мемлекеттік органдардың, әрбір қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы және бұл үздіксіз өтетін процесс болып табылады.
Б. МАХАТОВ,
Арал ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы










