Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн суытып, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Күн суытып, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, температура төмендейді деп болжануда.
Мәскеу маңынан жылжыған циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.

«Қазгидромет» РМК нақтылағандай, бірқатар өңірде жаңбыр жауады.

23 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сонымен қатар, ауа температурасының төмендеуі болжануда:

Батыста: күндіз 7-17° жылы;

Солтүстікте: 13-20° жылы;

Орталықта: 15-23° жылы;

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста: 15-20° градус жылы болады.

Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: baq.kz
20 сәуір 2026 ж. 106 0