Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы жол – халық игілігі

Сапалы жол – халық игілігі

Қазіргі таңда өңірлерді дамытудағы ең маңызды бағыттардың бірі – инфрақұрылымды жаңғырту. Соның ішінде автомобиль жолдарының сапасы – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Осы ретте Арал қаласында жол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, партия тарапынан тұрақты бақылауға алынған.
Бүгін, аудандық мәслихат және партия филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы мен партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы қала аумағындағы бірқатар жол құрылысы нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Атап айтқанда, «Моно және шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында өткен жылы бастау алған жоба – қала үшін аса маңызды бастамалардың бірі. Бұл жоба шеңберінде Арал қаласының бірнеше көшелерінде кең көлемді жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Жалпы, жол құрылысы – тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, бұл – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Сапалы жол – қауіпсіздік пен жайлылықтың кепілі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таба береді.
#АМАНАТ
23 сәуір 2026 ж. 50 0