АУДАН ӘКІМІ ҚАЛАДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАДЫ

Алдымен «Моно және шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Бақтыбай батыр көшесінің автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Қазіргі таңда аталған көшенің жарты бөлігі кеңейтіліп, шебін төселген. Қаржының мүмкіндігіне қарай ендігі жұмыстар жақын күндері жүргізілуі тиіс. Аудан басшысы мердігер мекеме басшысымен кездесу барысында аталған жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауға күш салу керектігін тапсырды. Жұмыстың жедел жүруін бақылауда ұстап, қала көшелерінде ұзақ уақыт қолайсыздықтар тудырмау керектігін де атап өтті.
Бақтыбай батыр көшесінің автомобиль жолын жаңғырту жұмыстарының басталуына орай, яғни Бақтыбай батыр мен Әбілқайыр хан көшелерінің қиылысынан бастап №260 қазақ орта мектебіне дейінгі аралықтағы көне асфальт жабындысы да арнайы құрылғымен алынып, қайта асфальттау жұмыстары жүргізілген болатын. Мердігер «Арал құрылысы» ЖШС мекемесі өз қаржысы есебінен, яғни демеушілік арқылы М.Мақатаев көшесінің 265 метр бөлігіне жол төсеу жұмыстарын жүргізді. Аудан әкімі ел көкейінде жүрген мәселеге оң көзқарас танытқан мекеме басшылығына ризашылық білдірді.
Аудан бойынша жол құрылысына қатысты жұмыстар мұнымен шектеліп қалмайды. Ағымдағы жылы қолға алынуы тиіс осы бағыттағы жұмыстар жыл көлемінде жүйелі түрде қолға алынатын болады.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі