АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазіргі таңда қаржысы 2 млрд. 23 млн. теңге болатын жапсаржайдың қабырғасы қаланып, ішкі жұмыстары жүргізілуде. Жапсаржай құрылысын «СМП Қызылорда» ЖШС мекемесі қолға алған. Мердігер мекеме өкілінің сөзінше ғимарат алдағы қараша айының соңына дейін толықтай аяқталуы тиіс.
«Ұлт саулығын нығайту» жобасы аясында қолға алынға қосымша жапсаржайда 17 төсектік нейро-инсульт, 35 төсектік кардиология бөлімшелері болады. Сонымен қатар МРТ және ангиограф қондырғылары орнатылатын болады.
Оған қоса аудандағы жұқпалы аурулар бөлімшесінің ғимараты ескіруіне байланысты жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстары да жүргізілуде. Қаржысы 2 млрд. 300 млн. теңге болатын жаңа нысанның құрылысын «Иман» ЖШС мекемесі жүргізуде. Мердігер мекеме өкілі Ә.Тұрсынбаевтың айтуынша қыркүйек айының соңына дейін ғимарат төбесі толықтай жабылып, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудан әкімі жауаптылармен кездесу барысында негізгі жұмысты бәсеңдетуге жол бермеу керектігін жеткізді.
– Бұл жобаның құны да аз емес, құрылыстың сапасына аса мән берілуі керек. Жұмысқа жүрдім-бардым қарауға болмайды. Жұмыс күшін тиімді пайдаланып, жылдың соңына дейін осы жұмыстарды толықтай аяқтауға күш салу керек, – деді аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі