Арал ауданында оқушылар үйінің құрылысы аяқталуға жақын
![](/uploads/posts/2020-09/medium/1600839361_aral-2.jpg)
Алдымен қаладағы бой көтерген 250 орындық жаңа оқушылар үйі ғимаратына барып, ішкі әрлеу және монтаждау жұмыстарын көрді. Аталған нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Жуық арада пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Одан кейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Арал индустриалды-техникалық колледжінде» болып, жөндеу жұмыстарына қанық болды. Колледж ғимараты екі қабаттан тұрады. Қазіргі таңда жеңімпаз ретінде танылған Қызылорда қаласының «Самат-Мұнай» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстары барысында жергілікті жердің азаматтары да жұмыспен қамтылған.
![](/uploads/posts/2020-09/medium/1600839376_shizhaa.jpg)