Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын аралады

Аудан әкімі әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын аралады

Аудан әкімі М.Оразбаев Арал қаласында және Шижаға елі мекенінде жүргізіліп жатқан бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысып, сапасын бақылап өтті.

Ең алдымен аудан орталығында бой көтерген 250 орындық жаңа оқушылар үйінің құрылыс басында болған аудан басшысы ғимаратты әрлеу және монтаждау жұмыстарына куә болды.

Одан әрі Арал қаласындағы №2 шағын аудан аумағынан 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысып өтті. Қаланың кіреберіс аумағынан бой көтерген жаңа тұрғын үйлерді салушы бас мердігерлер жергілікті «Науырыз құрылыс» ЖШС және «Арал су-құрылысы» ЖШС. Қазіргі таңда барлық тұрғын үйлердің қабырғаларын қалау, шатырын жабу және ішке электр, кәріз жүйелерін жүргізу жұмыстары аяқталған. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұнан соң ауданға қарасты Октябрь ауылдық округі, Шижаға елі мекеніне ат басын бұрған аудан басшысы жаңадан салынып жатқан медициналық амбулаторияның жай-күйіне қанықты. Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында бой көтерген нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер «Алемстрой-1» ЖШС жүргізуде. Бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып қалған ғимаратта әрлеу жұмыстары қарқынды жүруде. Әлеуметтік нысанды қыркүйек айының соңында ел игілігіне беру жоспарлануда.

Осылайша бірқатар құрылыс басында болған аудан әкімі жауапты мамандарға құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын тапсырды.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
06 қыркүйек 2020 ж. 965 0