Аудан әкімі қала көшелерін абаттандыру жұмыстарын бақылады

Орталық көшені абаттандыру кезінде газ желісі мен ауыз су құбыры жатқан аймақтарға сақ болу қажеттігін айтты. Сонымен бірге жаңбыр және қар суы жиналатын орындарды ескеріп, тиісті жұмыстар жүргізуді қаперге салды.
Аудан әкімі Бақтыбай батыр көшесін аралап шыққан соң жауапты сала басшыларына мұнда орналасқан кәсіпкерлік нысандардың кіре беріс маңын ретке келтіріп, артық құрылыс заттарынан тазартуды тапсырды. Мұнымен қоса жаңадан салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының толықтыратын тұстарын көрсетіп, көлік қозғалысын реттеу үшін автокөлік жолдарын сызылатын жолақтар мен жол белгілерін талапқа сай орнатуды жүктеді.


