Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АБАЙ КӨШЕСІН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АБАЙ КӨШЕСІН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Өткен аптада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан Абай көшесін абаттандыру жұмыстарының барысымен тағы бір мәрте танысып шықты.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жұмыстың сапалы жүргізілуі мен мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылған аудан тұрғындарының аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, жолдануын қатаң бақылауды ескертті.
Арал қаласы, Абай көшесін абаттандару жұмыстарын 2020 жылы «Жұмыспен қамту, Жол картасы 2020-2021» бағдарламасы аясында жүргізілген Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған «Наурыз құрылысы» ЖШС жүргізуде.
Сонымен қатар, аудан әкімі нөсер жауын салдарынан қала көшелерінде жиналған жауын суларын тарту жұмыстарын да бақылап өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
07 шілде 2020 ж. 696 0