Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ»: БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР БАСТЫ НАЗАРДА

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ»: БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі М.Оразбаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемелекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Абай көшесін абаттандыру жұмыстарын бақылап өтті.
Аудан басшысы ең алдымен 2005 жылы таза ауыз суды ашу рәсімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың табаны тиген алаңды абаттандырып жатқан жұмысшылармен кездесті. Одан әрі Абай көшесінде жағалай тізбектелген, гүл егуге арналған қоршауларды орнату және көшелерді жөндеу жұмыстарына куә болды.
Қызу жүріп жатқан жұмыс басында болған аудан әкімі мердігерлерге жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" республикалық мемлекеттк кәсіпорнымен арнай келісім-шарт жасалғанын ескертіп, өздеріне жүктелген міндеттерін сапалы, мерзіміне сәйкес жүзеге асыруды ескертті. Сонымен қатар жоба барысында жұмыссыз аудан тұрғындарын халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жұмысқа тартуды қатаң тапсырды.
Атап өту қажет, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК алдағы күндері аудан көлемінде төлесіп жатқан асфальт құрылысымен танысып, сапасына тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.



29 маусым 2020 ж. 670 0