Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтардың өтініш-тілектері тыңдалды

Азаматтардың өтініш-тілектері тыңдалды

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Шерхан Есжанов бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар өздерінің ұсыныс-тiлектерiн жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға жазылған азаматтардың басым көпшілігі тұрақты жұмысқа орналыстыру жөнінде талаптарын айтса, енді бірі баспанаға қол жеткізу бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ш.Есжанов әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

25 сәуір 2026 ж. 32 0