Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты кеш өтті

«Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты кеш өтті

Арал ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты кеш өтті

Іс-шара Мемлекеттік Ту енгізіліп, Гимн орындаумен басталды. Оған партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, аудандық мәслихат пен партия филиалының төрағасы Базарбай Төрахаметов, аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаев, зиялы қауым, құқық қорғау органдары мен ардагерлер қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, Отан қорғаудың маңызын атап өтті. Шара барысында әскери ардагерлер мен сала қызметкерлері, сондай-ақ әскери борышын өтеген азаматтар марапатталды.
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Нұртайұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап: «Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында еңбек етіп жүрген барша азаматтарға алғыс білдіремін», – деді.

Кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, жоғары деңгейде өтті.
#AMANAT
08 мамыр 2026 ж. 42 0