Ұлы Жеңіс рухы – қарт майдангерге құрмет
Қызылорда облысында көзі тірі қалған жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, 104 жастағы Қызылорда облысының Құрметті ардагері әрі Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыровқа ерекше құрмет көрсетілді.Қарт майдангердің шаңырағы алдында Отан қорғаушылар саптық жүріспен өтіп, ардагерге тағзым жасады. Ерлік пен елдік рухты дәріптеген шара барысында майдангердің Отан үшін жасаған жанқияр ерлігі мен өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.
Яхия Тасыровтың ғибратты ғұмыры отансүйгіштік пен адалдықтың, елге деген шексіз сүйіспеншіліктің көрінісі. Бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін күрескен ардагерге деген құрмет әрдайым биік.
Өңірлік коммуникациялар қызметі 









