Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда балықты қолдан өсіретін жеке тоғандар көбейді

Аралда балықты қолдан өсіретін жеке тоғандар көбейді

Paparaci.kz Қызылорда облысы, Арал ауданында балық шаруашылығын дамыту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Осы бағыттағы ауқымды бастаманың бірі, шағын тоғандарда жасанды жолмен балық өсіру. Жалпы 2024 жылдан бері аралдық балықшылар Кіші Арал теңізінен су маржанын аулап қана қоймай, балық қорын көбейту мақсатында тоғандарда балық өсіруді қолға алып келеді. Және бұл тәжірибе бүгінде жемісін беріп, нәтижесі көңіл қуантады.
  Атап айтар болсақ, аудан көлемінде Жаңақұрылыс, Қаратерең, Ақирек, Бөген, Аманөткел, Бекбауыл ауылдық округтері мен Ерімбетжаға елді мекенінде ауыл тұрғындары тоғандар қазып, балық шаруашылығын жандандыруда үлкен еңбек етіп жатыр. Осы мақсатта бір топ аралдық кәсіпкерлер жасанды жолмен балық өсурде тәжірибесі мол Түркістан облысының Шардара ауданына арнайы барып, оңтүстік өлкедегі жеке балық өсіру шаруашылықтарының жұмысымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.
 Арал ауданы бойынша ең ірі жоба – Ақирек ауылдық округіндегі жалпы аумағы 380 гектар жерді алып жатқан тоған шаруашылығы. Бұл күрделі кәсіпті белгілі бизнесмен, облыстық мәслихат депутаты Мейрамбек Жұмашев жүзеге асыруда. Жоба құны 685 миллион теңгені құрайды. Кәсіпкер балық шабақтарын Қамыстыбас балық питомнигінен алып, әрі қарай өз қолымен өсіріп жатыр. Осылайша жасанды жолмен Ақирек ауылындағы тоғандарда 300 тонна сазан тектес нарықта құнды балықтар өсірілетін болады.
   Кіші Аралда жылдан жылға балық қоры азайып барады. Себебі, балықшылар теңіз түбіне дейін сүзіп, балықтардың табиғи жолмен көбейуі төмендеген. Сондықтан, аралдықтар ата кәсіпті жандандырудың тың әдісіне көшіп, балықты өолдан өсіруге бет бұра бастады.
15 мамыр 2026 ж. 36 0