ЕҢБЕК АДАМЫ ЖОБАСЫ: БАЛЫҚШЫЛАР ҚАУЫМЫМЕН ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін “AMANAT” партиясының «Еңбек адамы» жобасы аясында Қосжар бастауыш партия ұйымы Қамыстыбас балық питомнигіне арнайы экскурциялық сапар ұйымдастырып, балықшылар қауымымен жүздесті. Шараның мақсаты – өңірдің басты табиғи байлықтарының бірі саналатын балық шаруашылығын көзбен көріп танысу, питомниктің жұмыс барысына жақыннан үңілу және еңбек адамдарының күнделікті тіршілігімен танысу болды.Экскурсия барысында қатысушыларға питомниктің тарихы, оның балық қорын көбейту бағытындағы атқарып келе жатқан жұмыстары, су айдындарында жүргізілетін ғылыми-зерттеу шаралары туралы толық мағлұмат берілді. Балықшылар арнайы тоғандарда жүргізілетін жұмыстың кезеңдерімен таныстырып, шабақ өсіру, су сапасын бақылау, қоректендіру жүйесі мен балық түрлерін көбейту технологиясы жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірді.
Экскурсияға қатысушылар балықшылардың жұмыс жағдайын өз көздерімен көріп, еңбек процесінің күрделілігіне, маусымдық тәуекелдерге және ауа райының тікелей ықпалына куә болды. Сонымен қатар қауіпсіздік талаптары, жұмыс барысындағы жауапкершілік пен табиғатты қорғау мәдениеті жайында пікірлер алмасты.










