ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ САҚТАУ ҮШІН ЕСТЕ ЖҮРЕР ЕРЕЖЕЛЕР
2 Жеміс-жидек, көкөністерді өз маусымдарында кемінде бірнеше рет жеп тұру керек!
3 Бала үшін сүт, үлкендер үшін айран дастарханыңыздан кемімесін!
4 Ауырмай тұрып шипалы өсімдіктермен иммунитетіңізді көтеріңіз!
5 Жалбыз (мята), жөке, шалфей, жебір шөп, итмұрын, райхан, зімбір, ладан, жасыл шай, пияз және сарымсақ үйде әрқашан болсын!
6Салатты мүмкін болғанша көп түрлі қоспалардан жасаңыз!
7 Дайын сорпаның орнына өзіңіз дайындаған сорпаны таңдаңыз!
8 Өзіңіз жапқан қызанақ соустарын қолданыңыз!
9 Маусымынан тыс кезде жемістермен көкөністерді көп жемеген жөн!
10 Аптасына ең аз 2 рет бұршақ тұқымдас (горох, ноқат, фасоль, маш) өнімдерін және балық жеп тұруға тырысыңыз!
11 Ыстық тағамдар үшін қыштан, шыныдан және болаттан жасалған ыдыстарды қолданыңыз!
12 Қыста апельсин, мандарин, лимон, грейфрут жеп тұруды көбейтіңіз!
13 Ақыл-оймен істейтін жұмыста жиі-жиі миіз жеп тұрған жақсы!
14 Азанғы уақытта 20 минут терең дем алып тұруға тырысыңыз!
15 Азанғы уақытта бөлмеңізді немесе жұмыс орныңызды желдетіп тұрыңыз!
16 Күніне 30 минут жаяу жүріңіз!
17 Темекі және спирттік ішімдіктен ұзақ болыңыз!
18 Мүмкіндігінше топырақта жалаң аяқ жүріп тұрыңыз!
19 Денеңізді қатты тоңдырып алмауға тырысыңыз!
20 Таңертеңгілік аста әрдайым бал болуына мән беріңіз!
21 Зәйтун майын жиі қолданыңыз!
22 Таңертеңгілік аста толық, түскі аста орташа, кешкі аста жеңіл тағамдар болсын!
23 Тұз және шекерді шектеулі қолданыңыз!
24 Маргаринді көп қолданбаған кезде, теріге, жүрекке және тамырларға үлкен сый-сияпат жасаған боласыз!
25 Күніне бір алма, бір сәбіз денеге керемет әсерін береді.
Дереккөз: Reactor
http://reactor.inform.kz/