Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тезірек арықтағыңыз келсе... Голливудтық диета

Тезірек арықтағыңыз келсе... Голливудтық диета

Голливудтық диета атақты әртістер арасында танымал. Ол екі аптаға созылып, сол уақыт ішінде, шамамен, 7 кг салмақ тастауға көмектеседі. Бұл диетаның басты талабы – рациондағы қант, тұз бен май мөлшерін назарда ұстау және нан өнімдерін ас мәзірінен мүлде сызып тастау. Сондай-ақалкогольді тұтынуға болмайды. Жеміс-жидек пен көкөністі көбірек жеп, күніне 1,5 литрден көбірек су ішу керек. Су ағзаны тазалайды.

14 күн осы ережеге бағынсаңыз, бір нәтижесінің болатынына күмәнданбаңыз. Әдетте, голливудтық диетаны жылына 3-4 рет қайталап ұстаған абзал.
Қалай тамақтану керек?

1-күн

Түскі ас: қызанақ, 1 тауық немесе 2 бөдене жұмыртқасы, 1 шыны кофе немесе көк шай (дұрысы, көк шай).

Кешкі ас: орамжапырақтан немесе қиярдан салат, 1 тауық немесе 2 бөдене жұмыртқасы, жарты грейфрут.

 2-күн

Түскі ас: грейфрут, 1 тауық немесе 2 бөдене жұмыртқасы, көк шай (кофе).

Кешкі ас: 200 г қайнатып пісірілген қой еті (майы аз), қияр, көк шай (кофе).

3-күн

Түскі ас: қызанақ не қияр немесе орамжапырақтан дайындалған салат, 1 тауық немесе 2 бөдене жұмыртқасы, көк шай (кофе).

Кешкі ас: 200 г қайнатып пісірілген қой еті (майы аз), қияр, көк шай (кофе).

4-күн

Түскі ас: орамжапырақ немесе қиярдан жасалған салат, грейфрут, көк шай (кофе).

Кешкі ас: 200 г қайнатып пісірілген қой еті (майы аз), майсыздандырылған сүзбе, көк шай (кофе).

5-күн

Түскі ас: 200 г қайнатып пісірілген қой еті (майы аз), қияр немесе орамжапырақтан дайындалған салат, көк шай (кофе).
Кешкі ас: 200 г қайнатып пісірілген балық еті, қияр немесе орамжапырақтан дайындалған салат, көк шай (кофе).

6- күн

Түскі ас: жемістерден жасалған салат (алма, апельсин, грейфрут).

Кешкі ас: 200 г қайнатып пісірілген қой еті (майы аз), қияр немесе орамжапырақтан жасалған салат, көк шай (кофе).

7-күн

Түскі ас: 200 г қайнатып пісірілген балық еті (майы аз), қияр немесе орамжапырақтан жасалған салат, грейфрут немесе апельсин, көк шай (кофе).

Кешкі ас: жемістерден жасалған салат (алма, апельсин, грейфрут).

Бір апта аяқталған соң келесі аптаны тағы осы мәзірмен бастайсыз. Байқағаныңыздай, таңғы ас жоқ. Кофе басты айналдыратындықтан, көк шай ішкеніңіз жөн.

Дереккөзі:anabol.kz
11 наурыз 2018 ж. 2 622 0