Назарбаев Зияткерлік мектебінде Workout Fest-2026 фестивалі өтті
Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Workout Fest-2026 фестивалі өтті. Іс-шараға 9-сынып оқушылары қатысып, Workout жобасы аясында бір жыл бойы жүргізілген жүйелі дайындықтың нәтижесін көрсетті.Фестиваль барысында оқушылар әртүрлі жаттығулар бойынша мектеп рекордтарын жаңартты. Планка жаттығуында ұлдар арасында Алдияр Нұрсейіт 7 минут 20 секунд нәтиже көрсетсе, қыздар арасында Қаусар Егізбай 4 минут 30 секунд уақытпен үздік атанды.
Кеудені жерден көтеру (пресс) бойынша 1 минут ішінде Әділет Әбілқасым 50 рет, Бинұр Мұхамеджан 49 рет орындап, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Отырып-тұру жаттығуында Ерасыл Жанай 156 рет, Жанел Үсенбай 118 рет қайталап, өткен жылғы көрсеткіштерден асып түсті.
Секіртпемен секіруде Жантөре Серікбай 1 минутта 122 рет, ал Бибінұр Қуаныш 193 рет жаттығу орындап, өз санатында жеңімпаз атанды. Турникке тартылу бойынша Дәулет Оразбай, ал жерден қолмен көтерілу (отжимание) жаттығуында Мадиар Ердулла мектеп рекордын орнатты.










