Жерлесіміз жаңа рекорд орнатты

Бүгінде осы бағытта көптеген шаралар ұйымдастырылып келеді. Облыс орталығындағы ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі соның бірі. Жастарды салауатты өмірге баулу мақсатында қолға алынған фестиваль қалалық мәдени және демалыс паркінде ұйымдастырылып, оған 300-ден астам қызылордалық қатысуға ниет білдірді. Ниеттілердің барлығы жүлде қоры 3 млн теңгені құрайтын фестивальде 3 санат бойынша бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлде еншілеген 27 қатысушының қатарында жарыс жеңімпазы, жерлесіміз 29 жасар Ақберен Қуандықов 40 мәрте белтемірге тартылып, турнирдің чемпионы атанса, осы жасөспірімдер санаты бойынша 38 ұпай жинаған 25 жастағы Елжан Менлибаев пен Родион Цой ІІ, ІІІ орындарды қанағат тұтты. Айта кетейік, Ақберен Қуандықов жеңімпаз атанып қана қоймай, облыстық рекорд орнатты.
Жалпы ауданымызда бұл жарысқа 10 адам қатысып, жоғарғы нәтиже көрсетті. Тағы бір жерлесіміз Данияр Кеңесов басқа салмақта ІІІ орынды еншілесе, жүлдеге бір қадам қалғандары да болды.
Естеріңізге сала кетейік, 27 жүлдегер 8 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жүлде қоры 54 млн теңгені құрайтын гранд-финалда өңірдің намысын қорғайтын болса, сол финалда чемпион атанғандар Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.
"Толқын" ақпарат