Аралдық спортшы жеңіс тұғырынан көрінді
Облыс орталығында ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі өтті.
Спорттық шарада бақ сынауға 300-ден астам қызылордалық ниет білдірген. Қатысушылар 3 санат бойынша белтемірге тартылып, күшін сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша 27 қатысушы жүлделі орындарды еншіледі. Оның ішінде, жерлесіміз Ақберен Қуандықов 40 мәрте турникте тартылып, турнирдің чемпионы атанды.
29 жастағы Ақберен Қуандықов 5 жылдан бері спорттың «Street Workout» түрімен айналысып, аудан жастары арасында кеңінен насихаттап келеді. Түрлі деңгейдегі жарыстарда әуесқой спорт түрінен бірқатар жетістіктерге жеткен Ақберен тағы бір мәрте аудан абыройын асқақтатты.
Аталған турнирде аралдық жас спортшы Кеңесов Данияр жүлделі үшінші орынды иеленді.
Жеңіс құтты болсын!
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі