«WORKOUT» өтті Аралда

Қоғамдық орындарда ашық түрде орындалып, тәсілдері қауіпті болса да жастардың құлшынысын арттырып келе жатқан спорттың бұл түрінен де бүгінде түрлі сайыс өткізіліп тұрады. Белтемірде түрлі трюк жасап, қоссырықтың үстінде ойнайтын дене бітімі шымырланған ерікті жастарды өзіне тартқан «Workout» спорттық сайысы жақында Арал ауданында да өтті.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында Жастар ресурстық орталығы және «САНА» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Workout» сайысына барлығы 23 спортшы қатысты. Көше спорты көпшілік назарын өзіне аударып, жарыс көркі қыза түсті. Сайыста Данияр Кеңесов есімді жас жүлделі І орынды еншілесе, ІІ орынды Ғазиз Бектұрсынов алды. Ал, ІІІ орын Ғасырбек Аманов есімді спортшыға бұйырды.
Тартысқа толы сайыста дене сымбаты келіскен білекті жігіттер жүлделі орынға қойылған бағалы сыйлықтарға ие болып, ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған дипломдармен марапатталды.
«Толқын» ақпарат.