«АРАЛ-АС» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бұл ретте жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» - әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналып, көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі. Жайдарман жастарды мәдениеттілікке тәрбиелейтін, шығармашылығын шыңдайтын, интеллектуалды деңгейін көтеру мен өмірде өз орнын таба білуге баулитын қозғалысқа айналып отыр.
Бүгінде жайдарман қозғалысында өзіндік орны бар «Арал-Ас» командасы түрлі жетістіктерге жетіп, елімізде жастар арасында кең танымалдылыққа ие. Қазіргі таңда, команда мүшелері түрлі сайыстарға қатысып, отандық телеарналардағы жобаларда өзіндік орындарын тапты.
Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №260 мектебінің мәжіліс залында «Арал-Ас» КВН командасы аудан жастарымен кездесу өткізді. Кездесуге «Арал-Ас» командасының жетекшісі Т.Дәрмағамбетов, команда капитаны Ғ.Махамбетов және команданың белді мүшесі А.Скендіров қатысып, жастармен еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.