Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕНТ ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

КЕНТ ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сексеуіл кенттік мәдениет үйінде кент әкімі С.Төрешовтің жастармен кездесуі болып өтті. Сәкен Құлмағанбетұлы алдымен мәдениет үйінің фойесінде білім ордалары мен бала-бақшалар шеберлерінің ұйымдастыруымен дайындалған көрмемен танысты.
Еркін форматта пікір алмасу ретінде ұйымдастырылған кездесуге кенттегі мектептің жастар комитеттерінің жетекшілері, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен кент жастары қатысты.
Жиынды аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ә. Ізбасаров жүргізіп отырды. Кездесуге қатысушы жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.
Кент әкімі жастардың айтқан ұсыныстарын негізге ала отырып, Елбасымыздың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін алған білімдері мен күш-жігерлерін еліміздің өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді.
Аталмыш жиын кенттегі жас өнерпаздардың орындауындағы патриоттық әндермен қорытындыланды.
16 қаңтар 2019 ж. 1 561 0